Жаңалық 10 қыркүйек 2026
Күнде таң атпай жаттығып, «Барселонада» орын үшін күреседі

Фото: cdn-s-leprogres.fr
Француз қорғаушысы Жюль Кунде Ханси Фликтің қолындағы «Барселонада» негізгі құрамдағы орнынан айырылғаннан кейін қосымша жаттығуларға көшті.
27 жастағы қорғаушы ағымдағы маусымда бес матчтың екеуінде ғана негізгі құрамда ойын бастады. Оң жақ қорғаушы позициясында Флик бірінші кезекте Эрик Гарсияға сенім артып отыр.
Жаз кезінде «Барселона» тартымды ұсыныс түскен жағдайда Кундені жіберуді де қарастырған. Дегенмен қорғаушы клубта қалып, орнын қайтару үшін қосымша күш салып отыр: ол негізгі құрамның жаттығуы аяқталған соң да алаңда қалып, фитнес-бапкерлер мен физиотерапевтермен жеке жұмыс істейді.
Тағы оқыңыз
Флик Кундеге ашық айтты: оң қанат қорғаушысы — Гарсиа
Бұдан бөлек, Кунде «Барселонаның» ресми жаттығуларынан тыс жеке фитнес-бапкерлермен де айналысады. Бұрын оны Ситжес қаласындағы жеңіл атлетика жолында таңғы сағат 6:30–7:00 шамасында жаттығып жүрген кезде байқаған болатын.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


