Жаңалық 10 қыркүйек 2026
«Астана» жалақы дауына қарамастан, «Ордабасыға» қарсы негізгі құраммен шығады

Фото: sports.kz
Қазақстан премьер-лигасының 26-турында шымкенттік «Ордабасыға» қарсы ойнайтын «Астана» негізгі құрамын алаңға шығарады. Бұған дейін желіде клубтың резервтік құраммен ойнауы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.
Осы болжам футболшыларға жалақы бойынша қарыз жиналуымен байланыстырылды. Дегенмен клуб негізгі құрамымен шығатынын нақтылады.
Бұл кездесу турнир кестесінде ерекше маңызға ие. «Қайрат» 57 ұпаймен көш бастап тұрса, «Ордабасы» одан небәрі 2 ұпай кем жинап, екінші орында келеді.
Маусым аяқталуына алты тур қалды. Осы аралықта «Қайрат» алты кездесудің төртеуін өз алаңында өткізсе, «Ордабасыға» тек екі үй ойыны бұйырған.
Осындай тығыз жағдайда «Астананың» құрамы кез келген нәтижеге әсер етуі мүмкін.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


