БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 9 қыркүйек 2026

Қазақстандық маман Чемпиондар лигасында УЕФА инспекторы болып тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Чемпиондар лигасындағы «Наполи» — «Арсенал» кездесуіне УЕФА инспекторы болып тағайындалды.

Матч 9 қыркүйекте өтеді, ойын Астана уақытымен 10 қыркүйекте таңғы 00:00-де басталады. Кездесу Неапольдегі Диего Армандо Марадона атындағы стадионда өтеді.

Бас төреші қызметін швед маманы Гленн Нюберг атқарады. Паррейра де Каштру УЕФА инспекторы ретінде төрешілер бригадасының жұмысын бағалап, матчтан кейін толық есеп дайындайды.

Еске сала кетейік, «Наполи» мен «Арсенал» Неапольде 2019 жылдан бері алғаш рет кездеседі.

Тағы оқыңыз

Қанапиянов Чемпиондар лигасының матчына УЕФА делегаты болып тағайындалды
Байтақов УЕФА шешімімен армяндық «Арарат-Армения» матчтарына Venue Director болып тағайынд
Қазақстандық Саят Қарабаев УЕФА Конференциялар лигасында матч басқарады
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: amanvibe.kz