Жаңалық 9 қыркүйек 2026
Қазақстандық маман Чемпиондар лигасында УЕФА инспекторы болып тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Чемпиондар лигасындағы «Наполи» — «Арсенал» кездесуіне УЕФА инспекторы болып тағайындалды.
Матч 9 қыркүйекте өтеді, ойын Астана уақытымен 10 қыркүйекте таңғы 00:00-де басталады. Кездесу Неапольдегі Диего Армандо Марадона атындағы стадионда өтеді.
Бас төреші қызметін швед маманы Гленн Нюберг атқарады. Паррейра де Каштру УЕФА инспекторы ретінде төрешілер бригадасының жұмысын бағалап, матчтан кейін толық есеп дайындайды.
Еске сала кетейік, «Наполи» мен «Арсенал» Неапольде 2019 жылдан бері алғаш рет кездеседі.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


