Жаңалық 9 қыркүйек 2026
Мудрик «Тоттенхэмге» келгеніне бір-ақ апта болды — жарақат алды

Фото: icdn.chelsea-news.co
«Тоттенхэмнің» украиналық шеткі шабуылшысы Михаил Мудрик жаттығуда жарақат алды. Бұл оның лондондық клубқа келгеніне бір-ақ апта болғанда орын алды.
25 жастағы футболшы «Челсиден» «Тоттенхэмге» жалдау шартымен ауысқан еді.
Мудрик жаңа клуб құрамындағы алғашқы ресми матчын 2026 жылғы 5 қыркүйекте «Ноттингем Форестке» қарсы кездесуде өткізді. Ол матч алдында дисквалификациясы мерзімінен бұрын алынғаннан кейін алаңға шықты — украиналық футболшы допинг ережесін бұзғаны үшін 2024 жылдың қарашасынан бері ойнамай келген. Кездесу 0:0 тең есеппен аяқталды, ал Мудрик алаңда небәрі 16 минут болды.
Тағы оқыңыз
«Тоттенхэм» «Лидспен» бәсекеде жеңіп, Мудрикті 75 млн фунттық опциямен жалға алды
Енді, клубқа қосылғанына бір апта толғанда, ол жаттығу кезінде жарақат алды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


