«Ливерпуль» Семеньоны сатып алудан бас тартты, оны «Манчестер Сити» иеленді

Хьюздің пікірінше, Семеньо Мохамед Салахты алмастыруға лайық үміткер болған. Дегенмен «Ливерпуль» бұл трансферден бас тартуды жөн көрді.
Ричард Хьюз «Ливерпульде» екі жарым жыл спорттық директор қызметін атқарды. Бұған дейін ол «Борнмутта» жұмыс істеп, Натан Аке, Илья Забарный, Милош Кркез, Антуан Семеньо және Доминик Соланке сияқты футболшыларды клубқа тартуға атсалысқан.
«Ливерпульде» жұмыс істеген кезінде Хьюз клубтың бірқатар ірі трансферіне тікелей қатысты: Флориан Вирц үшін болжамды 116 миллион, Александр Исак үшін 125 миллион, Брэдли Барколя үшін болжамды 123 миллион фунт стерлинг төленді. Сонымен қатар клуб Жереми Фримпонг, Милош Кркез, Уго Экитике, Жереми Жаке, Виктор Муньосты сатып алды, ал Роналд Араухо жалдау шартымен қосылды.
Бір аты аталмаған дереккөз Хьюзге мынадай баға берді: «Ол өте адал, кішіпейіл адам, айтқаны әдетте дұрыс болып шығады. Онымен бәрі анық — сахна артында басқаша әрекет етпейді. Футболда сұрқия адам көп, бірақ ол солардың бірі емес». «Ливерпульдің» жоғары лауазымды дереккөзі Хьюздің Диогу Жотаның қайғылы қазасынан кейінгі кезеңдегі рөлін ерекше атап өтті: «Ричард, Арне сияқты, бізді Диогудың қазасынан кейінгі қиын кезеңнен алып өтті. Оның қандай трансфер жасағанына қарамастан, бұл — Ричардтың ең маңызды жұмысы болып қалады».
Sky Sports сарапшысы Джейми Каррагердің пікірінше, Вирц пен Исак көрсеткіштерін жақсартпаса, 2025 жылғы трансферлік терезе «Премьер-лига тарихындағы ең сәтсіз терезе» болып қалуы мүмкін. Исактың соңғы екі матчында үш гол соққанын атап өткен жөн.
Хьюз «Ливерпульден» кеткеннен кейін «Әл-Хилялға» қосылды. Клубта бас бапкер Арне Слот қызметінен босатылып, оның орнына Андони Ираола тағайындалды.


