Жаңалық 8 қыркүйек 2026
Ямаль 20 жасқа толмай үш мәрте «Алтын доп» үміткері атанды

Фото: images.alphacoders.com
«Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямаль 2026 жылғы «Алтын доп» сыйлығына үміткерлер тізіміне енді. Осылайша ол 20 жасқа толмай осы марапатқа үш мәрте кандидат болған тарихтағы тұңғыш футболшыға айналды.
Ямальдың бұған дейінгі нәтижелері де назар аудартады: 2024 жылғы «Алтын доп» рейтингінде ол сегізінші орын алса, 2025 жылы күміс жүлдегер атанды.
Тағы оқыңыз
Кансело: «Алтын добқа лайық жалғыз ойыншы — Ламин Ямал»
Үміткерлер тізімінде әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанған Родри де бар. Ал Рафинья, Фермин Лопес және Педри сияқты аты-жөні танымал футболшылардың тізімге енбеуі назардан тыс қалған жоқ.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


