Жаңалық 8 қыркүйек 2026
Симеоне «Ливерпульге» қарсы шабуыл тобын түгендей алмайды

Фото: icdn.caughtoffside.com
«Атлетико Мадридтің» бас бапкері Диего Симеоне сәрсенбіде өтетін УЕФА Чемпиондар лигасының «Ливерпульге» қарсы матчына негізгі екі шабуылшысынсыз дайындалып жатыр.
Сёрлот маусым басталар алдындағы аптада бұлшықет жарақатын алған. Содан бері ол командамен бірге жаттыға алмай келеді және бұл маусымда бірде-бір матчқа шыққан жоқ.
Ортистің де сапта болмауының себебі — әріден келген дисквалификация. Ол 2024 жылдың тамызында Конференция лигасының іріктеу кезеңінде «Шлёнск Вроцлав» құрамында «Санкт-Галленге» қарсы екінші матчта қызыл карточка көрген. Ойыншы сол кездесуде симуляция үшін бірінші, төрешіге наразылық білдіргені үшін екінші сары карточка алып, алаңнан қуылған болатын.
«Атлетико Мадрид» сейсенбіде Ливерпульге аттанады. Кездесу сәрсенбіде сағат 21:00-де басталады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


