Жаңалық 8 қыркүйек 2026
Холанд «Алтын доп» сыйлығына алтыншы рет үміткер атанды

Фото: idsb.tmgrup.com.tr
Норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд «Алтын доп» сыйлығына алтыншы рет үміткер болды. Жеңімпаздың есімі 26 қазанда Лондондағы «Палладиум» театрында өтетін салтанатты рәсімде жарияланады.
Өткен маусымда Холанд «Манчестер Ситидің» құрамында барлық турнирлерде 52 матч өткізіп, 38 гол соқты және 9 нәтижелі пас берді. Осы кезеңде «Манчестер Сити» Англия кубогы мен Карабао кубогын жеңіп алды.
Тағы оқыңыз
«Манчестер Сити» кінәлі деп танылды, Холандтың тағдыры талқыға түсті
Сонымен қатар «Жылдың үздік жас таланты» номинациясына марокколық Аюб Буадди үміткер болды. Ол осы жазда «Лильден» «Манчестер Ситиге» 86 миллион фунтқа ауысқан.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


