Жаңалық 8 қыркүйек 2026
Гимарайнс сәрсенбіде ойнай ма? 4 матчта бар-жоғы 64 минут алаңда болды

Фото: pictures.tribuna.com
Лондондық «Арсенал» сәрсенбіде УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа маусымын итальяндық «Наполиге» қарсы матчпен ашады. 28 жастағы жартылай қорғаушы Бруну Гимарайнстің бастапқы құрамға енуі басты сұрақтардың бірі болып тұр.
«Арсенал» жаңа маусымда алғашқы төрт матчының бәрінде жеңіске жетті. Дегенмен Гимарайнс осы төрт кездесуде небәрі 64 минут алаңда болды: «Манчестер Ситиге» қарсы Комьюнити Шилд кубогында 45 минут ойнады, «Ковентри Ситиге» қарсы матчты өткізіп алды, «Астон Виллаға» қарсы ауыстырылып шықты, ал «Челсиге» қарсы қордада отырды.
«Астон Виллаға» қарсы ауыстырылып шыққан кезде жарақат алған футболшыны клуб «Челсиге» қарсы матчта тәуекелге бармай, ойнатпады. Осы аралықта Деклан Райс, Майлз Льюис-Скелли және Мартин Эдегор премьер-лиганың үш турында да бастапқы құрамда шықты.
Тағы оқыңыз
«Ньюкасл» капитаны Бруну Гимарайнш 75 миллион фунтқа «Арсеналға» ауысты
«Арсенал» сенбіде сырттан «Сандерлендпен» кездеседі, келесі аптада Лига кубогында «Ипсвич Таунмен» ойнайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


