Жаңалық 8 қыркүйек 2026
«Астана» ойыншылары жалақы алмағаны үшін 700 млн теңге қарыз талап етіп, ойнаудан бас тартты

Фото: offside.kz
Астаналық «Астана» клубының негізгі құрам ойыншылары жалақы қарызы төленбегендіктен, алдағы екі матчта ойнаудан бас тартты. Клубтың жалпы қарызы шамамен 700 миллион теңгені құрайды.
Мәлімет бойынша, ойыншыларға кемінде үш ай бойы жалақы төленбеген. Осыған байланысты «Астана» алдағы кездесулерде жастар құрамы мен Бірінші лига ойыншыларын алаңға шығаруы мүмкін.
Команданың кезекті матчы 12 қыркүйекте, сенбі күні, шымкенттік «Ордабасыға» қарсы өтеді. Одан кейінгі кездесу ағымдағы чемпион — алматылық «Қайратпен» болады.
25 турдан кейін «Астана» 45 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


