Матч 7 қыркүйек 2026
«Астана» «Елимайды» 4:0 есебімен талқандады

Фото: kazfootball.kz
Қазақстан премьер-лигасының 25-турында өткен кездесуде «Астана» өз алаңында «Елимайды» 4:0 есебімен жеңді.
Кездесудің бірінші таймында-ақ Башич дубль жасады — 40 және 45-минуттарда доп қақпаға дәл барды. Екінші таймда есепті М.Томасов (49) толықтырса, Р.Каримов 66-минутта 11 метрлік айып добын дәл орындады.
Матч барысында «Елимай» ойыншылары бірнеше рет ескерту алды: А.Аширбек (42), Х.Илич (65) және Жұмаханов (75) сары карточка көрді. Қосымша уақытта «Астана» қорғаушысы Абраев та ескерту алды.
Бұл жеңіс «Астанаға» кестеде тағы 3 ұпай қосты.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


