Жаңалық 6 қыркүйек 2026
«Арсенал» Артетамен және үш жұлдызымен келісімшартты ұзартпақ

Фото: img.bleacherreport.net
Лондондық «Арсенал» бас бапкері Микель Артетамен, сондай-ақ Деклан Райс, Мартин Эдегор және Юрриен Тимбермен жаңа келісімшарт жасауға дайындалып отыр. Дереккөздердің мәліметінше, тараптар арасындағы келіссөз қаңтардан бері жүріп келеді.
Артетаның қолданыстағы келісімшарты осы маусым соңында аяқталады. Клуб басшылығы жаңа құжатқа қыркүйектегі құрамалар үзілісіне дейін қол қоюды жоспарлап отыр.
Бапкер «Арсеналды» 2019 жылдан бері басқарып келеді және осы уақыт ішінде клуб басында 350-ден астам матч өткізді.
Тағы оқыңыз
Артета: Ойыншыларды әдейі қиындыққа тап қыламын
Сонымен қатар клуб Райс, Эдегор және Тимбермен де келісімшарт мерзімін ұзарту мәселесін алға жылжытып отыр. Жақында «Арсенал» «Манчестер Ситиге» қарсы ойында Қоғамдастық қалқаны (Community Shield) трофейін жеңіп алған болатын.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


