БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 5 қыркүйек 2026

Sports.kz: Сәтпаевтың ойын мәнері Алексис Санчестің «Арсеналдағы» кезеңіне ұқсайды

Фото: kff_team
Sports.kz сарапшыларының бағалауы бойынша, «Бернлиге» «Қайраттан» ауысқан Дастан Сәтпаевтың ойын стилі Алексис Санчестің «Арсеналда» ойнаған кезеңіне жақын келеді.

18 жастағы Сәтпаев Лига кубогында «Брэдфорд Ситиге» қарсы алғашқы негізгі құрамдағы ойынын оң қанатта өткізген болатын. Кейін бапкер Ники Хайен оны жиірек сол қанатқа шығара бастады.

Чемпионшипте өткізген матчтарында Сәтпаевтың көрсеткіші — 0.75 xA және 0.34 xG, төрт мүмкіндік жасады, бес рет сәтті финт жасады. Бес рет қақпаға соққан, оның үшеуі айыппұл алаңынан тыс жерден болған. «Норвичпен» кездесуде ол Зиан Флеммингке гол соғуға мүмкіндік жасаған.

Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті

Хайен Сәтпаевтың еңбекқорлығын мақтап, оны басқа ойыншыларға үлгі етіп қойды.

«Бернли Экспресс» басылымының журналисі Мэтт Скраффон «Брэдфордпен» матчтан кейін қазақстандық ойыншыны Карлос Тевеспен салыстырды: «Дастан оған Агуэродан гөрі Тевесті көбірек еске салады», — деді ол.

Тағы оқыңыз

Әнші Алқожа: Сәтпаевтың жейдесіндегі тегін «Сатбай» деп жазу керек
Есмағамбетов: Сәтпаевтың Чемпионшипке ауысуы — дұрыс қадам
Сәтпаевтың «Бернлиге» жалға ауысуын ресейлік журналист бағалады
Дастан Сәтпаев: барлық жаңалықтар мен статистика →
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz