Жаңалық 5 қыркүйек 2026
Сәтпаев ойнаған «Бернли» жеңіссіз сериясын жалғастыруда

Фото: imgresizer.tntsports.io
Ағылшын чемпионшипінің 5-турында «Бернли» өз алаңында «Бристоль Ситиді» қабылдайды. Дастан Сәтпаев ойнайтын клуб жаңа маусымда әлі жеңіске жете алған жоқ.
Матч 5 қыркүйекте, Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де «Терф Мур» стадионында өтеді.
Төрт турдан кейін «Бернли» бар-жоғы 2 ұпай жинады: екі тең ойын, екі жеңіліс. Соңғы кездесуде команда өз алаңында «Мидлсброумен» 1:1 есебімен тең түсті, ал одан бұрын қонақта «Норвичтен» 1:4 есебімен ойсырай жеңілген.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
«Бристоль Сити» жағдайы мүлде басқаша. Клуб турнирді сенімді бастап, 7 ұпай жинады. Соңғы турда қонақта «Престонды» 3:1 есебімен жеңсе, одан бұрын өз алаңында «Портсмутты» 2:1 есебімен ұтқан.
«Бернли» сапында ойнайтын Дастан Сәтпаев жаңа маусымда төрт матч өткізді, бірақ сол кездесулердің бірінде де гол да, нәтижелі пас та бере алмады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


