Real Madrid TV төрешілерді сынға алды: «Кемшілік емес, олқылық»
Кездесу «Ла Картуха» стадионында өтті. Real Madrid TV сарапшылары төрешілік деңгейді «дәрменсіз» деп бағалап, маусым басынан бері клуб төрешілер тарапынан жапа шегіп келе жатқанын айтты.
Дәлел ретінде олар лиганың ашылу турындағы эпизодтарды тілге тиек етті: «Бірінші турда-ақ көрдік — Каланың Винисиусқа соққанын немесе Рафиньяның Ортис Ариасқа тақап келіп, мұртын нұсқағанын. Алдағы уақытта бізді осы күтіп тұр», — делінген арнаның хабарында.
Матчта 11 метрлік айып добының тағайындалуы және Эспидің голының есептелмеуі даулы сәттерге айналды. Real Madrid TV пікірінше: «Егер бұл «Барсаға» қатысты болса, айып добын қайта соқтырар еді, ал Эспидің голын «Барса» соққан болса, есептелмей қалмас еді». Арна сондай-ақ айып добының тағайындалмауын «олқылық немесе дәрменсіздік» деп атады.
Бапкер Жозе Моуринью болса матчтан кейін төрешіні тікелей сынаған жоқ.


