Жаңалық 5 қыркүйек 2026
Грек сарапшысы: «Панатинаикос» «Қайратқа» қарсы фаворит, бірақ қорғанысында осал тұс бар

Фото: sports.kz
Sportal.gr басылымының сарапшысы Джон Сапунцакис 22 қазанда Қазақстанда өтетін Конференциялар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» — «Панатинаикос» кездесуіне баға берді.
«Панатинаикос» бұл жұпта фаворит болып көрінеді. Бұл — Конференциялар лигасының ең күшті командаларының бірі», — деді Сапунцакис. Оның айтуынша, грек клубы 20 рет Грекия чемпионы, 20 рет Грекия Кубогының иегері атанған.
Сарапшы «Қайрат» туралы аз білетінін айта отырып, өткен маусымда «Олимпиакостың» Астанада ең төмен есеппен жеңгенін еске алды. Ол «Панатинаикостың» шабуылда сапалы ойыншылары бар екенін, бірақ қорғанысында олқылық жеткілікті екенін атап өтті: «Кез келген матчта дерлік қарсыласта гол соғуға жақсы мүмкіндік туады».
Сапунцакистің пікірінше, марокколық Аззедин Унахи — «Панатинаикостың» жұлдызы, оған «Барселона» мен «Манчестер Сити» сияқты клубтар қызығушылық танытып отыр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


