CTA: Мбаппенің өткізбеген 11 метрлігін қайта соқтырмау дұрыс шешім болды
Қосымша уақытта Винисиус Джуниордың есебінен «Реал» 11 метрлік айып добына ие болды. Алайда Килиан Мбаппе соққан допты «Бетистің» қақпашысы Альваро Валлес қағып шықты.
Соққы алдында «Бетис» ойыншысы Марк Бартра Мбаппе допты соғып үлгергенше айыптау алаңына кіріп кеткен. Дегенмен төреші соққыны қайталатпады.
CTA бағалауынша, бұл шешім дұрыс болған. Ұйым IFAB ережелеріне сілтеме жасады: қорғаушы айыптау алаңына мезгілінен бұрын кірсе де, ол соққыны орындаушыға тікелей әсер етпесе, допқа ұмтылмаса немесе қарсыласпен күреске түспесе, соққыны қайталау талап етілмейді. CTA-ның CARD нұсқаулығы да дәл сондай өлшемді басшылыққа алады, ал Бартра доп ойынға енгеннен кейін оған бірден жанаспаған.
«Реал Мадридке» жеңіске жету үшін қалған 10 минутта екі гол керек еді. Команда мұны жасай алмай, маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.


