Алюетов Мартиннің төрешілерге қатысты сынына қатты жауап берді

Кездесудің алғашқы таймында «Оқжетпес» гол өткізіп алды, алайда екінші таймда есепті теңестіріп қана қоймай, жеңіске де жетті. Нұрғайни Бурибаев 11 метрлік айып добын дәл жүзеге асырса, жеңіс голын Леонарду Де Ассунсау соқты.
Бурибаевтың пенальтиі алдында «Оқжетпес» ойыншылары шағын психологиялық сахна ойнады. Алюетовтың айтуынша, мұның себебі бар.
«Бекхан Шайзада 11 метрлікті орындаушыларға қысым жасай білетінімен танымал, сондықтан «Оқжетпес» футболшылары Бурибаевтың соққысы алдында шағын сахна ойнауды жөн көрді», — деді бапкер.
Ол сондай-ақ матч алдында ешқандай қысымның болмауы командасына еркін ойнауға көмектескенін атап өтті.
Матчтан кейін «Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин төрешілердің жұмысына наразылық білдірген болатын. Алюетов бұған қатты жауап қайтарды, сонымен қатар екінші таймда қосылған уақыттың тым көп болғанына да наразылығын жасырмады. Кездесуде Қазақстан футбол федерациясының төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру да болды.
Бұл жеңістен кейін «Оқжетпес» 42 ұпай жинап, «Астанамен» теңесті. «Ордабасы» болса 55 ұпаймен турнир кестесінің көш басында қалды.


