БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 4 қыркүйек 2026

Қазақстан көкпаршылары Венгрияны 9:4 жеңіп, финалда Қырғызстанмен кездеседі

Фото: sports.kz
Бішкекте өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көкпар турнирінде Қазақстан құрамасы жартылай финалда Венгрияны 9:4 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Топтық кезеңде Қазақстан В тобында бірінші орын алған болатын. Әрі қарай, қолданыстағы чемпион ретінде бірінші раундты өткізіп жіберген құрама екінші раундта Ресей құрамасын 14:1 есебімен ойсырата жеңген еді.

Енді Қазақстан құрамасы 6 қыркүйекте, жексенбіде, финалда турнир иесі — Қырғызстан құрамасымен кездеседі.

«Қырғыздардан басқа бізге лайықты қарсылық көрсете алатын ешкім жоқ», — деді Атамекен Рүстемов.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көкпар турнирінің қорғаушы чемпионы болып саналады.

Тағы оқыңыз

Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Венгриямен кездеседі
Қазақстан құрамасы Бельгияны 5:1 жеңіп, ӘЧ-2026 іріктеуінде үш ойыннан үш жеңіс тіркеді
Әлем чемпионаты: Англия мен Аргентина жартылай финалда кездеседі
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz