Жаңалық 4 қыркүйек 2026
«Қайраттың» Конференциялар лигасындағы қарсыласы «Мьельбю» қатарынан төртінші рет жеңілді

Фото: sports.kz
Швеция чемпионатының 10-турында «Мьельбю» «Юргорденнен» 0:2 есебімен жеңілді. Бұл — команданың қатарынан төртінші сәтсіздігі.
Кездесудегі голдарды 60-минутта Кристиан Лиен, 64-минутта Йеппе Оккельс соқты. «Мьельбю» соңғы төрт матчында бірде-бір гол соқпай, доп айырмасы 0:10 болды.
Бұған дейін швед клубы Еуропа лигасында «Зальцбургтен» 20 тамызда 0:1, 27 тамызда 0:3 есебімен жеңілген еді.
«Мьельбю» — УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде алматылық «Қайраттың» қарсыласы. Екі клуб 26 қарашада Қазақстанда, топтық кезеңнің төртінші турында кездеседі.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


