Мукаса дубль жасап, «Вест Хэмге» жеңіс сыйлады
33-минутта Мукаса 25 ярд қашықтықтан қаптал соққымен есеп ашты, доп қақпа тірегіне тиіп ішке енді. 53-минутта жас ойыншы айып алаңының ішінде допты сол аяғымен қабылдап, соққы жасады — доп қорғаушыдан тайып өтіп, қақпаға кірді.
«Вест Хэм» бапкері Нуну Эшпириту Санту Мукасаның ойынына риза болғанын жасырмады.
«Голдарына ғана емес, оның ойынына, алаңның ортасында ұстанған позициясына да қуаныштымын. Ол — жетілдіретін тұсы көп жас ойыншы, бірақ оны команда құрамында ұстап отырғаныма қуаныштымын», — деді Санту.
Бапкердің айтуынша, гол — тек қосымша сый. «Голды бағалаймын, әрине, бірақ одан да маңыздысы — оның позициясы, допты қалай таратқаны, командаластарын қалай қолдап, қорғаныста қалай көмектескені. Ал гол соғып жатса — тіпті керемет», — деді ол.
Мукаса өткен маусымда «Лестер Сити» құрамында да жалдамада ойнағаны белгілі.


