«Ливерпуль» трансфер терезесі жабылар күні «Монакомен» байланысқа шықты: көзделген ойыншы — Ламин Камара

Джейкобстың айтуынша, «Ливерпуль» кешке қарай Камараның айналасындағыларға да, «Монакоға» да қоңырау шалған.
«Ливерпуль» бүгін кешке бір емес, бірнеше рет қоңырау шалып, Камараның өкілдеріне де, «Монакоға» да «күте тұрыңдар» деп жеткізді», — деді Джейкобс.
Журналист Дэвид Орнстейннің мәліметінше, «Ливерпульдің» Камараға қызығушылығы Алексис Мак Аллистердің клубтан кетуіне байланысты болған.
«Deadline Day қарсаңында бізге жеткен ақпаратқа сәйкес, егер Алексис Мак Аллистер кетіп қалса, «Ливерпульдің» бірінші таңдауы «Монаконың» ойыншысы Ламин Камара болар еді. Сондықтан бұл мәселенің әрі қарай қалай өрбитінін бақылап отырған жөн шығар», — деді Орнстейн.
Журналист Алекс Крук та «Ливерпульдің» Камараның кеңесшілерімен хабарласып, оны келесі жазда сатып алуға қызығушылық танытқанын растады. Ал журналист Пол Джойстың айтуынша, клуб қазір жартылай қорғаныс желісін түбегейлі жаңартуға назар аударып отыр.
Сол күні трансфер нарығында басқа да қозғалыс байқалды: «Борнмут» бас бапкері Андони Ираола командасы маусым ашылысына — «Ньюкасл Юнайтедпен» кездесуге дейін тағы ойыншылар алатынын айтты.
«Біз міндетті түрде бірнеше ойыншы аламыз. Кейбір мәмілелерді соңына дейін күту керек. Бірақ маңыздысы — қыркүйектің 1-іне қарай қандай құрамымыз болатыны. Себебі шынымен де құрамымыз әлі жұқа», — деді Ираола.


