Жаңалық 3 қыркүйек 2026
Сәтпаев «Бернлидің» «Мидлсброға» қарсы матчында үздік ойыншы атанды

Фото: Chelsea FC (ресми TG)
«Челсиден» жалға ойнайтын 18 жастағы Дастан Сәтпаев Чемпионшиптің 4-турында «Бернлидің» «Мидлсброға» қарсы кездесуінде үздік ойыншы атанды.
Матч 1:1 тең есеппен аяқталды. Сәтпаев кездесуді негізгі құрамда бастап, 80-минутта алаңды тастап шықты.
Футбол маманы Асқар Қожабергеновтың бағалауы бойынша, Сәтпаевтың жалдағы ойыны оның болашағына пайдалы. «Дастан Сәтпаев — «Челси» ойыншысы, ол жалда ұзақ отырмайды. «Челсидің» өзі оның ойынын мұқият бақылап жатқанына сенімдімін. Келесі маусымда Дастан лондондық клуб құрамында ойнайды деп үміттенеміз», — деді ол.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Мамандың пікірінше, Чемпионшип Сәтпаевтың дамуына қолайлы орта әрі оны АПЛ-да сәтті ойнауға дайындайды. «Жарақатсыз өтіп, ағылшын футболына тезірек бейімделсе екен», — деді Қожабергенов.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


