Жаңалық 3 қыркүйек 2026
Сәтпаев ағылшын Чемпионшипіне бейімделген — Аверченко

Фото: focus.courrierinternational.com
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Евгений Аверченко Sports.kz-ке берген сұхбатында 18 жастағы Дастан Сәтпаевтың ағылшын Чемпионшипінде неге сәтті ойнап жүргенін түсіндірді.
«Меніңше, жалпы ағылшын футболы оның стиліне сай келеді. Жылдам, жүрдек, күшті ойын. Дастан дәл сондай футболға бейімделген. Сондықтан қазір ол ағылшын Чемпионшипінде өз үйіндегідей сезінеді», — деді Аверченко.
Сәтпаев қазір «Бернлиде» шабуылшы позициясында ойнайды. Ойыншы маусым соңына дейін жалға берілу шартымен ойнап жүр, ал оның құқығы лондондық «Челсиге» тиесілі.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Жаз айларында Сәтпаев «Челсимен» бірге маусым алдындағы жиынға қатысқан.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


