Жаңалық 3 қыркүйек 2026
Ресей Кубогында қазақстандықтар кездеседі: Зайнутдинов «Ахматтағы» Кенжебек пен Самородовқа қарсы шығады
3 қыркүйекте, Қазақстан уақытымен сағат 21:30-да, Ресей Кубогы топтық кезеңінің үшінші турында мәскеулік «Динамо» мен грозныйлық «Ахмат» кездеседі. Бұл матч қазақстандық футболшылар үшін де маңызды.
«Динамо» құрамында қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов ойнайды, ол соңғы рет 2025 жылдың қазан айында алаңға шыққан. Ал қарсыласы «Ахматта» құраманың тағы екі өкілі — жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек пен шабуылшы Максим Самородов бар.
Екі команданың ойын көрсеткіші әртүрлі. «Ахмат» топта екінші орында тұр, екі турдан кейін 4 ұпай жинады: алғашқы турда «Краснодарға» пенальти сериясында ұтылса (1:1, 4:5), екінші турда воронеждік «Факелді» 2:1 есебімен жеңді.
«Динамо» болса үш ұпаймен үшінші орында тұр — «Факелді» 1:0 жеңіп, «Краснодардан» 0:1 есебімен жеңілген.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


