Жаңалық 3 қыркүйек 2026
«Реал» мен «Барселона» көзіне түскен «Ливерпуль» жұлдызы жаңа келісімшартқа отырады

Фото: sports.kz
Ағылшын клубы «Ливерпуль» 18 жастағы шеткі шабуылшы Рио Нгумохамен жаңа келісімшарт жөнінде алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді.
Ойыншыға мадридтік «Реал» мен «Барселона» қызығушылық танытқаны белгілі, бұған дейін оған мюнхендік «Бавария» да көз тіккен еді.
Ағылшын футболшысы «Ливерпульге» 2024 жылы лондондық «Челсиден» ауысқан. Ол «Ливерпульдің» негізгі құрамында 16 жас 135 күнінде дебют жасады.
Тараптар келісімшарттың нақты егжей-тегжейін әлі талқылап жатыр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


