БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 3 қыркүйек 2026

ҚФФ Премьер-лиганың 25-турына төрешілерді жариялады

Қазақстан футбол федерациясы 2026 жылғы Премьер-лиганың 25-турындағы кездесулерге бас төрешілерді анықтады. Алматылық «Қайраттың» «Каспийге» қарсы матчын Айдын Тасыбаев басқарады.

Қалған кездесулерге де төрешілер бекітілді: «Оқжетпес» — «Ордабасы» матчында Александр Затула ысқырық шалады, «Жетісу» — «Ертіс» кездесуін Антон Кучма қадағалайды.

«Ақтөбе» — «Жеңіс» дуэлінде Сергей Ноженко, «Қызылжар» — «Атырау» матчында Бағдат Абдуллаев, «Алтай» — «Қайсар» кездесуінде Георгий Чеховский төрешілік етеді.

Сонымен қатар «Астана» — «Елімай» дуэлін Данияр Сахи, «Тобыл» — «Ұлытау» кездесуін Руслан Сұлтанғалиев басқарады.

Тағы оқыңыз

ҚФФ Премьер-лиганың 20-турына төрешілерді тағайындады
«Арсенал» Премьер-лига мен Чемпиондар лигасына құрам тізімін жариялады
Эдегор Премьер-лиганың 3-турдағы үздік ойыншысы атанды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz