Жаңалық 3 қыркүйек 2026
Модрич: «Реал Мадрид» — үйім, зейнеткерлікке шыққанда қайта ораламын

Фото: icdn.siempremadrid.com
«Милан» сапындағы хорват жартылай қорғаушысы Лука Модрич ойыншылық мансабы аяқталған соң «Реал Мадридке» оралғысы келетінін айтты.
«“Реал Мадрид” — менің үйім, мен сол жерге қайта оралғым келеді. Мен әрқашан мадридист болып қаламын. “Реал Мадрид” — әлемдегі ең ұлы клуб», — деді Модрич.
Оның сөзінше, «Реал» оған бәрін берген. «Мадрид маған бәрін берді. Мен қайтып оралып, клубқа пайда әкелгім, көмектескім келеді. Жозе Моуринью айтқандай, мен “Реалда” жұмыс істегім келмейді, мен “Реал үшін” жұмыс істегім келеді», — деп қосты ол.
Тағы оқыңыз
Модрич «Миланмен» келісімшартын тағы бір жылға ұзартты
41 жасқа толуға аз қалған Модрич 2012–2025 жылдары «Реал Мадрид» құрамында ойнады. Қазір ол «Миланмен» 2027 жылдың ортасына дейін келісімшарт жасасқан, 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін келісімшартын тағы бір маусымға ұзартқан.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: kaz.vesti.kz


