Жаңалық 3 қыркүйек 2026
Ағылшын блогері: «Бернлидің» ойынын Сәтпаевтың төңірегінде құру керек

Фото: kff_team
83 мың жазылушысы бар ағылшын блогері Джош Пирсон «Бернлидің» ойынын қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың төңірегінде құруды ұсынды.
Пирсонның пікірінше, «Мидлсброға» қарсы өткен матчтың екінші таймында команда өзіне тән сипатын көрсете алды.
«Екінші таймда бұл біз білетін «Бернлиге» көбірек ұқсады, әлдеқайда жақсы! Сәтпаев әр аптада негізгі құрамдағы бірінші есім болуы керек, команданы соның айналасында құру қажет. Каллендің ойынға оралуын асыға күтемін — ол жартылай қорғауға еркіндік береді. Жалпы, жақсы ұпай», — деді Пирсон Х желісінде.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Дастан Сәтпаев «Бернлиде» «Челсиден» жалға ойнап жүр. Чемпионшиптің төртінші турында «Бернли» «Мидлсбромен» 1:1 тең түсті.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


