Жаңалық 2 қыркүйек 2026
«Вулверхэмптон» «Ньюкаслдан» 19 жастағы шабуылшыны жалға алды

Фото: cdn1.geordiebootboys.com
Ағылшын клубы «Вулверхэмптон Уондерерс» «Ньюкасл Юнайтедтің» 19 жастағы шабуылшысы Шон Нивті жалдау шартымен өз құрамына қосты.
Нив «Ньюкаслға» 13 жасында келген. Ойыншы 2024 жылдың шілдесінде клубпен алғашқы кәсіби келісімшартқа қол қойды, содан кейін негізгі құрам сапында екі матч өткізді.
Ол өзінің дебютін осы жылдың ақпанында Чемпиондар лигасында жасаған — сол кездесуде «Ньюкасл» әзербайжандық «Қарабақты» 6:1 есебімен жеңген еді. Нив — Англияның U-19 құрамасының ойыншысы.
«Вулверхэмптонның» атқарушы төрағасы Натан Ши жас шабуылшыға жоғары баға берді. «Шон — талантты ойыншы, оны бапкер Сезар Пейшото мен техникалық директор Мэтт Джексон көріп, әсерленді. Бізде Раул Хименес пен Адам Армстронг сияқты тәжірибелі шабуылшылар бар, ал жас Шонның келуі ұзақ әрі қиын Чемпионшип маусымында тобымызды жақсы толықтырады», — деді Ши.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


