Жаңалық 2 қыркүйек 2026
Сәтпаев «Бернлидің» негізгі құрамында: 18 жастағы қазақстандық «Мидлсброға» қарсы шығады

Фото: Chelsea FC (ресми TG)
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев ағылшын Чемпионшипінің 4-турында «Мидлсброға» қарсы «Бернлидің» негізгі құрамына енгізілді.
18 жасқа толған Сәтпаев үшін бұл «Бернли» сапындағы төртінші матч, ал негізгі құрамда үшінші рет шығатын болады. Бұған дейін ол «Вест Бромвичке», «Брэдфорд Сити» мен «Норвич Сити» қарсы кездесулерде ойын алаңында болған, ал «Норвичпен» матчта 90 минутты түгел өткізген.
Кездесу «Терф Мур» стадионында өтеді.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
«Бернли» ағымдағы кезеңде сәтсіз бастама алды: «Вест Хэммен» 2:2 тең түсіп, «Вест Бромвичтен» 1:3, «Норвичтен» 1:4 есебімен жеңіліп, үш турдан кейін бар-жоғы бір ұпай жинады. Ал қарсылас «Мидлсбро» осы кезеңде алты ұпай тапқан.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


