Жаңалық 2 қыркүйек 2026
«Сандерленд» «Лионнан» шеткі шабуылшы Малик Фофананы сатып алды

Фото: cdn-s-lalsace.fr
Ағылшынның «Сандерленд» клубы француз «Лионынан» шеткі шабуылшы Малик Фофананы құрамына қосты.
Фофана «Лион» сапына 2024 жылдың қаңтарында бельгиялық «Генттен» ауысқан болатын. Оған лондондық «Арсенал» да қызығушылық танытқан, бірақ клуб «Лион» қойған бағаны төлеуге дайын болмады.
«Лион» ойыншы үшін 40 миллион еуро сұрады. Мәмілеге «Кристал Пэлас» да араласуға тырысып, «Сандерлендтің» келісімін бұзғысы келді.
Тағы оқыңыз
Артета Лионның 30-35 миллион фунттық талабынан бас тартты
Еске сала кетейік, «Лион» өткен маусымда УЕФА Чемпиондар лигасына жолдама ала алмады. Фофана сенбіде «Брентфордқа» қарсы кездесуде «Сандерленд» үшін дебют жасауы мүмкін.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


