Жаңалық 2 қыркүйек 2026
«Фейеноорд» өзінің бұрынғы шеткі шабуылшысы Нельсонды қайта тартқысы келеді
Роттердамдық «Фейеноорд» «Арсеналдың» бұрынғы шеткі шабуылшысы Нельсонды клубқа қайта тартуға ниетті.
Нельсон — «Арсенал» академиясының түлегі. Ол 2017/2018 маусымында негізгі құрамда дебют жасап, 16 матчта алаңға шықты.
Одан кейін футболшы жалға алу шартымен «Хоффенхаймге» ауысып, 29 кездесуде 7 гол соқты. «Арсеналға» оралған соң 30-дан астам матч өткізіп, 3 гол мен 3 нәтижелі пас жинады.
2021/2022 маусымында Нельсон «Фейеноордқа» қосылып, 32 матчта 4 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Кейін ол қайтадан «Арсеналға» оралды, бірақ соңғы екі маусымда ойын уақыты шектеулі болды.
2024/2025 маусымында шеткі шабуылшы жалға алу шартымен «Фулхэмге» ауысып, 12 матчта 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді, содан соң «Брентфордта» 14 матч өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


