БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 2 қыркүйек 2026

Чесноков «Крылья Советовтың» Ресей кубогындағы құрамынан тыс қалды

Фото: scotsman.com
Қазақстандық жартылай қорғаушы Ислам Чесноков «Крылья Советовтың» Ресей кубогы топтық кезеңінің үшінші турындағы «Балтикаға» қарсы матч құрамына енбеді.

Кездесу 2 қыркүйекте Калининградта өтеді, доп 22:45-те (Қазақстан уақыты бойынша) домалайды.

Чесноков «Крылья Советовқа» қостанайлық «Тоболдан» 2026 жылдың тамызында ауысқан болатын. Жаңа клубында ол Ресей премьер-лигасында бар-жоғы екі матч өткізіп үлгерді. Соңғы кездесуде, грозныйлық «Ахматпен» ойында, жарақат алып, ауыстырылған еді. Шамасы, оның «Балтикаға» қарсы матч құрамына енбеуіне дәл осы жарақат себеп болған.

Тағы оқыңыз
Сәтпаевке Чесноковтан кеңес: «Ментальді тұрғыда шыңдалуы керек»

«Крылья Советов» Ресей кубогының С тобында екі турдан кейін төрт ұпай жинады.

Тағы оқыңыз

Чесноков «Тоболдан» ресейлік «Крылья Советов» құрамына ауысады
Ислам Чесноков «Крылья Советов» құрамына жалға алу шартымен қосылды
Чесноков РПЛ-де дебют жасады, «Крылья Советов» жеңіске жетті
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz