БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 2 қыркүйек 2026

Абзал Ажғалиев спорттан кету туралы шешімін жариялады

Фото: cdn.nur.kz
Қазақстандық шорт-трекші Абзал Ажғалиев кәсіби спортшы мансабын аяқтайтынын айтты.

«Құрметті жанкүйерлер! Мен өмірімде болып жатқан маңызды өзгерістер туралы сіздерге айтуды жөн көрдім. Осы жылы кәсіби спортшы мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым», — деді Ажғалиев.

Ол — Азия ойындарының жеңімпазы, Универсиада жүлдегері. 2016 жылы Ажғалиев Әлем кубогы кезеңінде алтын жүлде жеңіп алған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды. Спортшы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының туын екі мәрте көтерген.

Оның Олимпиадалардағы ең жоғары жетістігі — Пекин-2022 ойындарындағы төртінші орын. Миланда өткен 2026 жылғы Олимпиадада Ажғалиев 500 метр қашықтықта іріктеу жарысында жеңіске жетіп, турнирді ширек финалда аяқтады.

Ажғалиевтің айтуынша, ол енді жинаған тәжірибесі мен білімін Қазақстандағы спортты дамытуға арнамақ.

«Менің басты мақсатым — осы жылдар ішінде жинақтаған тәжірибем мен білімімді Қазақстандағы спортты дамытуға арнау. Мен ұлттық құраманың жанында бола беруді, жас спортшыларға көмектесуді, оларды бағыттауды және Қазақстан шорт-трегінің болашағы үшін жұмыс істеуді қалаймын», — деді ол.

Тағы оқыңыз

«Левски» Түркістанға сапары туралы бейне жариялады — «Қайратпен» қайта кездеседі
Сәтпаев туралы Idman.biz: «Челси» Қазақстанды емес, нақты футболшыны таңдады
Сәтпаев туралы Уразбахтин: Шабуылға қосымша қарқын берген ойыншылардың бірі болды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Видео, рилстер және матч шолулары — осында:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz