Жаңалық 1 қыркүйек 2026
Моуринью Мессидің Аргентина құрамасынан кетуіне қатысты пікір білдірді

Фото: theunn.com
Мадридтің «Реал» клубының бас бапкері Жозе Моуринью Лионель Мессидің Аргентина ұлттық құрамасынан кету туралы шешіміне тоқталды.
Мессидің Аргентина құрамасындағы жолы 2005 жылы басталған. Осы уақыт ішінде ол 125 гол соғып, 68 нәтижелі пас берген. Жұлдызды шабуылшы Аргентина құрамасымен бірге 2022 жылғы әлем чемпионатында чемпион атанды, 2021 және 2024 жылдары Копа Америка кубогын жеңіп алды, сондай-ақ 2022 жылы Финалиссима турнирінде топ жарды. Қазір 39 жастағы Месси барлық турнирлерді қоса есептегенде құрама құрамында 207 матч өткізген.
Моуринью Мессиге құттықтау сөзін арнады.
Тағы оқыңыз
Месси мен Левандовски қатысқан матч тең аяқталды
«Тамаша әрі ұмытылмас халықаралық мансабыңмен құттықтаймын. Келесі Копа Америка мен келесі әлем чемпионаты мүлдем басқаша болады», — деді Моуринью.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: kaz.vesti.kz


