Жаңалық 1 қыркүйек 2026
«Барселона» 18 жастағы 1,95 метрлік қорғаушыға көз тікті

Фото: pictures.tribuna.com
Каталондық «Барселона» трансфер терезесі жабылар алдында нидерландтық «Твенте» клубының 18 жастағы қорғаушысы Рюд Нейстадқа қызығушылық танытып отыр.
«Барселонаның» спорттық директоры Деко сол аяғымен ойнайтын, бойы 1,95 метр қорғаушыны сатып алуды көздеп отыр.
Алайда Нейстад жақында «Твентемен» 2029 жылға дейінгі жаңа келісімшартқа қол қойған. Осыған байланысты нидерландтық клуб трансфер терезесі жабылғанға дейін ойыншысын сатудан бас тартып отыр.
Тағы оқыңыз
«Твенте» «Барселонаның» 8 миллион еуролық ұсынысынан бас тартты
Еске сала кетейік, жуырда «Барселона» құрамынан Альваро Кортес кеткен болатын. Осыдан кейін каталондықтар қорғаушылар қатарын нығайту жолдарын қарастырып жүр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


