Трансфер 31 тамыз 2026
Сәтпаевтың «Челсидегі» айлығы белгілі болды: 14 мың фунт стерлинг
Қазақстандық БАҚ мәліметінше, «Челсиде» ойнайтын 18 жастағы Дастан Сәтпаевтың айлық жалақысы 14 мың фунт стерлингті құрайды.
Жылдық көрсеткішке шаққанда бұл сома шамамен 168 мың фунт стерлингке тең. Теңгемен алғанда айлық табыс шамамен 8,8 миллион теңгені, жылдық табыс шамамен 105,8 миллион теңгені құрайды.
Клуб бұл соманы ресми түрде растаған жоқ.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Ағылшын клубтарында жас ойыншыларды ойланбай ақша жұмсаудан қорғайтын арнайы жүйе бар. Оған сәйкес, 21 жасқа толмаған футболшылар қорғалған шоттан ай сайын 2 мың фунт стерлингтен артық қаражат жұмсай алмайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


