Жаңалық 31 тамыз 2026
Сәтпаев пен «Бернли» дағдарыстан шыға алмай тұр: кезекті сынақ — «Мидлсбро»
Ағылшын Чемпионшипінің 4-турында Дастан Сәтпаев ойнайтын «Бернли» «Терф Мур» стадионында «Мидлсброны» қабылдайды. Кездесу 2-3 қыркүйекке қараған түні, Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.
«Бернли» үш турдан кейін небәрі 1 ұпай жинап, қиналып жүр. Соңғы матчында ол қонақта «Норвичтен» 1:4 есебімен жеңілді.
«Мидлсбро» болса жақсы жолда: үш турда 6 ұпай жинаған команда соңғы кездесуде «Вест Бромвичті» өз алаңында 3:1 ұтты.
Тағы оқыңыз
Сәтпаев жарақат алды: «Бернли» дайындық кемшілігін мойындады
«Челсиден» жалға берілген Дастан Сәтпаев «Бернли» құрамында шабуылшы позициясында ойнайды. Ол осы маусымда команда үшін үш матч өткізіп, нәтижелі әрекетке қол жеткізе алмай келеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


