Сәтпаев «Бернли» жеңілсе де 7,4 бағамен ерекшеленді

18 жастағы Сәтпаев кездесудің барлық уақытында алаңда болды. FotMob порталы оның ойынын 7,4 балмен бағалап, бұл команда бойынша екінші жоғары көрсеткіш болды.
Сәтпаевтың xG+xA көрсеткіші 0,88-ге жетті. Ол 33 пастың 24-ін дәл жолдап, 55 доп түйісуін тіркеді әрі үш голдық сәт жасады. Қорғаныста да үлес қосқан шабуылшы допты үш рет қайтарып алып, алты жекпе-жекте жеңіске жетті. Штрафтық алаңдағы доп түйісу саны бойынша Сәтпаев екі команда ойыншылары арасында үздік болды.
The Chelsea Chronicle басылымының журналисі Уилл Батчер қазақстандық шабуылшының ойынын жоғары бағалады.
Бұл — Сәтпаев үшін «Челсиден» жалдау шартымен «Бернлиге» ауысқаннан кейінгі Чемпионшиптегі екінші матчы. Команданың келесі кездесуі 3 қыркүйекте «Мидлсбро» қарсыласымен өтеді.


