БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 31 тамыз 2026

Сәтпаев «Бернли» ойыннан ұтылса да, жоғары баға алды

Фото: Sportarena.kz (TG)
Ағылшын чемпионшипінің үшінші турында «Бернли» қонақта «Норвичтен» 1:4 есебімен ұтылды, бірақ «Челсиден» жалға берілген қазақстандық Дастан Сәтпаев матчты жақсы деңгейде өткізді. The Chelsea Chronicle басылымының журналисі Уилл Батчер оның ойынын жоғары бағалады.

25 тамызда өткен кездесуде Сәтпаев толық 90 минут алаңда болды. FotMob дерегінше, ол 7,4 балл жинап, командадағы екінші көрсеткішке ие болды.

Батчердің айтуынша, Сәтпаевтың жиынтық xG+xA көрсеткіші 0,88-ді құраған, ал қарсылас қақпасы алдындағы аймақта доп түйісу саны бойынша ол барлық қатысушыдан асып түскен. «Есеп матчтың нақты барысын толық көрсете алмады, себебі «Бернлиде» де сәттер аз болған жоқ», — деп жазды журналист.

Тағы оқыңыз
«Бернли» Сәтпаевқа жаңа серіктес алды

Сарапшы дерегінше, Сәтпаев үш нәтижелі мүмкіндік жасап, бұл — матчтағы екінші көрсеткіш. Ол 33 пастың 24-ін дәл жіберіп, жалпы санағанда допты 55 рет түйіскен. Қорғаныста да белсенді болған қазақстандық ойыншы үш допты қайтарып алып, бұл көрсеткіш бойынша екінші орынды бөлісті. Сегіз жекпе-жектің алтауын жеңіп алған Сәтпаев осы көрсеткіш бойынша матчтағы үздіктердің қатарында тұр.

«Нәтижеге қарамастан, бұл — өте күшті өнер көрсету», — деп қорытындылады Батчер.

Бұл — Сәтпаевтың «Бернли» сапындағы ағылшын чемпионшипіндегі екінші матчы.

Еске сала кетейік, «Бернлидің» келесі кездесуі 3 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы өтеді.

Тағы оқыңыз

Сәтпаев «Бернли» құрамында дебют жасап, Чемпионшиптің үздік үш жас ойыншысының қатарына ен
«Бернли» Сәтпаевқа жаңа серіктес алды
Сәтпаев Flashscore-дан «Бернли» клубында жоғары баға алды
Дастан Сәтпаев: барлық жаңалықтар мен статистика →
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz