Жаңалық 31 тамыз 2026
Покатилов капитан таспен «Сабахты» жеңіске жетеледі
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов капитандық таңбамен шыққан азербайжандық «Сабах» өз алаңында «Араз-Нахчыванды» 1:0 есебімен жеңді.
Габаладағы кездесу Азербайжан чемпионатының үшінші турында өтті. Жалғыз голды 49-минутта Орфе Мбина соқты. Покатилов кездесуді толық ойнап шықты.
Бұл жеңіс «Сабахқа» жеткен жаңалықпен қатар келді: клуб Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Плей-офф кезеңінің қайтарма кездесуінде «Сабах» қосымша уақытта Израильдің «Хапоэль» (Беэр-Шева) клубын 5:2 есебімен жеңген болатын. Сол матчты да Покатилов толық ойнады.
Тағы оқыңыз
Стас Покатилов ойнайтын «Сабах» Чемпиондар лигасындағы қарсыласын біле бастады
Жеңістен кейін «Сабах» чемпионатта 6 ұпай жинады, ал «Араз-Нахчыван» 1 ұпаймен қалып отыр. «Сабахтың» келесі кездесуі 5 қыркүйекте «Зирямен» өтеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


