Месси Аргентина құрамасынан кететінін жариялады

«Финалдан кейін өткен уақыт пен ұзақ ойланғаннан соң мен барлығына Аргентина құрамасынан кететінімді айтқым келеді», — деп жазды Месси.
«Бұл шешім ауыр тиді, әлі күнге дейін жүрегімді сыздатады, бірақ уақыт келгенін түсінемін», — деді ол.
Месси — Аргентина тарихындағы ең көп гол соққан және ең көп матч өткізген футболшы: 203 кездесуде 124 гол соққан. Ол 2022 жылы Аргентинаны 36 жылдан кейін әлем чемпионы атандырды, сондай-ақ 2021 және 2024 жылдары Копа Америка кубогын жеңіп алды.
«Осы сөздерді мен 21 шілдеде, финалдан екі күн өткен соң жаздым. Бүгін, әкеммен болған оқиғадан кейін, мен бұрынғыдан да көбірек сенімдімін», — деді Месси. Оның әкесі Хорхе Месси 8 тамызда Росарио қаласындағы ауруханада 68 жасында қайтыс болған.
Еске сала кетейік, Месси құрамадан кетуін бұған дейін 2016 жылы да мәлімдеген еді.


