Жаңалық 31 тамыз 2026
«Ливерпуль» Барколяны 106 млн фунтқа сатып алды — тарихындағы екінші қымбат трансфер

Фото: skysports.com
Ағылшын клубы «Ливерпуль» «Пари Сен-Жерменнен» француз құрамасының шеткі шабуылшысы Брэдли Барколяны сатып алды. Ойыншы жаңа командасымен бес жылдық келісімшарт жасады.
Трансфер үшін «Ливерпуль» кепілдендірілген 106 млн фунт төлейді, ал қосымша шарттармен бұл сома 123 млн фунтқа дейін өсуі мүмкін. Айта кетейік, «Пари Сен-Жермен» бұған дейін футболшы үшін 145 млн фунт сұраған болатын.
Барколя «Ливерпульдің» тарихындағы ең қымбат екінші трансферіне айналды. Клубтың рекордын Александр Исак ұстап тұр — оны «Ньюкаслдан» 125 млн фунтқа сатып алған.
Тағы оқыңыз
Барколя сырқаттан емес, бұлшықет талуынан ойыннан шықты — Ираола түсіндірді
Сонымен қатар бұл трансфер Андони Ираоланың осы жаздағы үшінші ірі жаңалауы болды: Барколяға дейін ол Виктор Муньос пен Роналд Араухоны тіркеген.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


