БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 30 тамыз 2026

Тұзақбаев пен Төрекул ойнайтын «Барановичи» Минск «Динамосын» жеңді

Фото: sportsgazette.co.uk
Беларусь чемпионатының 20-турында өткен кездесуде қазақстандық Алиби Тұзақбаев пен Ерсұлтан Төрекул ойнайтын «Барановичи» минскілік «Динамоны» 1:0 есебімен жеңді.

Минскідегі Ұлттық стадионда өткен матчтың жалғыз голын 49-минутта Федор Лебедев соқты. Голға Тимофей Ткачев дәл пас берді, доп Андрей Кудравецтің қақпасына түсті.

Алиби Тұзақбаев кездесуді толық ойнап шықты. Ерсұлтан Төрекул алаңда 86 минут болды, оның орнына Василий Василенко шықты.

Тағы оқыңыз
Тұзақбаев Беларусь чемпионатына ауысу себебін түсіндірді

Жеңіс арқасында «Барановичи» 21 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орынға көтерілді. Минск «Динамосы» 36 ұпаймен үшінші орында тұр.

Тағы оқыңыз

Тұзақбаев Беларусь чемпионатына ауысу себебін түсіндірді
«Интер» жолдастық кездесуде «Ювентусты» жеңді
Кенжебеков ойнайтын «Ахмат» «Факелмен» кездеседі
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Сәтпаев, Қайрат және әлем футболы — күн сайын арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz