БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 30 тамыз 2026

Шайзада: Покатиловтың «Сабахпен» Чемпиондар лигасына жолдама алғанына қуаныштымын

Фото: aladop.kz
Қазақстан құрамасының қақпашысы Бекхан Шайзада әзербайжандық «Сабах» құрамында ойнайтын әріптесі Стас Покатиловтың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққанына пікір білдірді.

«Сабах» тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Топтық кезеңде клуб «Барселона», «Манчестер Юнайтед», «Боруссия Дортмунд» және «Арсенал» командаларымен сынға түседі.

Шымкенттік «Ордабасының» қақпашысы Шайзада — Покатиловтың құрамадағы серігі әрі позиция бойынша бәсекелесі. Ол осы жаңалыққа риясыз қуанышын жасырмады.

Тағы оқыңыз
Покатилов қорғайтын «Сабах» Чемпиондар лигасында «Манчестер Юнайтедпен» ойнайды

«Стастың командасы Чемпиондар лигасына жолдама алғанын көрдім, оған қатты қуандым. Өзіне жеке жазған жоқпын, бірақ ол — үлкен жігіт. Құдай қаласа, құрамаға келгенде өзін жеке құттықтаймын. Оған қазір менсіз де көп хабарлама келіп жатқан шығар», — деді Шайзада.

Тағы оқыңыз

Покатилов қорғайтын «Сабах» Чемпиондар лигасында «Барселонамен» кездеседі
Покатилов қорғайтын «Сабах» Чемпиондар лигасында «Манчестер Юнайтедпен» ойнайды
Покатилов «Сабахтың» капитан таспасымен алаңға шығады
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz