Жаңалық 30 тамыз 2026
Сәтпаев «Бернли» құрамында дебют жасады, Flashscore рейтингі — 7,6 балл

Фото: i2-prod.mirror.co.uk
Қазақстандық 18 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев ағылшын Чемпионшипінің 3-турында «Бернли» құрамында алғаш рет негізгі құрамда шықты. Команда «Норвичтен» 1:4 есебімен ұтылды.
Сәтпаев кездесуді толық өткізді. Flashscore статистикалық қызметі оның ойынын 10 балдық жүйе бойынша 7,6 деп бағалады — бұл «Бернли» құрамындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды.
Матч барысында қазақстандық шабуылшы қарсылас айыппұл алаңында доппен бес рет жанасты, бес рет сәтті финт жасады, үш соққы орындады және үш нәтижелі сәт ұйымдастырды. Жалпы алғанда, ол доппен 55 рет жанасып, 13 жекпе-жектің 6-сында үстем түсті, командасына бес рет доп қайтарып берді.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Rising Stars XI сарапшылары да Сәтпаевтың ойынын жоғары бағалады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


