Жаңалық 30 тамыз 2026
Мәскеу дербиінде «Динамо» «Локомотивті» жеңді

Фото: Анна Нэсси / Wikimedia Commons (CC BY-SA 3.0)
РПЛ-дің 6-турында өткен Мәскеу дербиінде «Динамо» «Локомотивті» 1:0 есебімен жеңді. Кездесу «РЖД Арена» стадионында өтті.
Матчтағы жалғыз голды 73-минутта Максим Осипенко 11 метрлік айып добынан соқты.
Атап өтетін жайт, «Динамоның» шабуылшы жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов бұл кездесуге арналған өтінімге енбей қалды.
Жеңістен кейін «Динамо» 10 ұпай жинап, турнир кестесінде 5-орынға көтерілді. «Локомотив» болса 6 матчтан кейін небәрі 3 ұпаймен 14-орында тұр.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


