Жаңалық 30 тамыз 2026
Энцо Фернандес «Манчестер Ситиге» ауысқысы келетінін «Челсиге» жеткізді

Фото: usanetwork.com
Ағылшын баспасөзінің хабарлауынша, «Манчестер Сити» «Челсидің» шабуылшы жартылай қорғаушысы Энцо Фернандеспен келіссөз жүргізіп отыр. Ойыншының өзі Лондон клубына «Ситиге» ауысқысы келетінін жеткізген.
«Челси» шабуылшы жартылай қорғаушысы үшін 120 миллион фунт сұрап отыр деп хабарланады.
Осы аралықта тағы бір трансфер қозғалысы белгілі болды: «Ноттингем Форест» «Кристал Пэлестің» шеткі қорғаушысы Даниэль Муньос үшін 22 миллион фунт көлемінде ресми ұсыныс жіберген.
Тағы оқыңыз
Энцо Фернандес 125 миллион фунтқа «Манчестер Ситиге» ауысып, Британия рекордын қайталады
Бұдан бөлек, «Астон Вилла» «Милан» шабуылшысы Рафаэл Леаону жалдау шартымен алу үшін делегация жіберген, бірақ португалиялық футболшыға «Галатасарай» да ұсыныс жасаған.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


